
2022 жылы 1 қарашада Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы күзгі каникул жоспарын іске асыру аясында «Дарынды балалармен жұмыс жасау әдіс-тәсілдері» облыстық онлайн-семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты – дарынды, қабілетті оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді, инновациялық технологияларды жүйелі қолдану жолдарын ұсыну.
Онлайн - семинарға «Биология», «Химия», «География» пәні мұғалімдерінің қауымдастығының төрағалары, облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының биология, химия,география пән мұғалімдері барлығы 100 адам қатысты.
Семинар барысында:
Актанова Назым Каиргазиновна, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 46 орта мектебі» КММ химия пәні мұғалімі, «Дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың тиімді жолдары»;
Мелехова Ольга Владимировна, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 11 мектеп-лицейі» КММ биология мұғалімі, «Работа с одаренными детьми на уроках биологии в условиях школы-лицея»;
Ровенко Елена Михайловна, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№9 орта мектебі» КММ география пәнінің мұғалімі, «Приемы и стратегии на уроках географии, направленные на формирование одаренности учащихся»;
Калдыбаев Айдар Жексенгазыевич, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ география пәні мұғалімі, «Дарынды оқушыларды ғылыми практикалық конференцияға дайындау жұмыстары» тақырыптары бойынша оқушылардың ынтасы мен білім сапасын арттыру, білімдерін көрсету үшін әртүрлі пән олимпиадаларына, ғылыми жоба қорғау сайыстарына, интеллектуалды, шығармашылық сайыстарға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Семинардың қорытынды бөлімінде ұйымдастырылған кері байланыс арқылы қатысушылар пікірлерімен бөлісті.
Модератор:Тұрсын Жұпар Ахметоллақызы, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің биология пәні бойынша әдіскері.