
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену үшін білім саласындағы озық үлгілерді қолдау әрі қолдану - игілікті істердің бірі. Білім берудегі 4K моделін зерделеудің өзекті мәселелерін талқылау және мұғалімдердің кәсіби дағдыларын дамытудың стратегиялық бағыттары мен даму болашағын анықтау қажеттігі аса маңызды.
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 1 қарашада күзгі каникул мектебі жоспарына сәйкес тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Оқушыларда 4К дағдыларын дамытудың тиімді әдістері» онлайн-семинары өткізілді.
Семинарға аудан, қалалық білім бөлімдерінің тарих пәнінің әдіскерлері, пән ассоциациясы жетекшілері, жалпы орта білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері құрамынан барлығы 100 педагог қатысты.
Семинардың мақсаты - ХХІ ғасырда әлемдік талапқа сай білім алу үшін әр оқушыда тұлға ретінде сыни ойлай алу, шығармашылықпен ойлау, командамен жұмыс істей алу, өз ой пікірін айтуы және пайымдап, шешімдер шығара алу, бір тапсырмадан екіншісіне тез ауыса алу дағдыларын меңгертудің тиімді әдіс тәсілдерімен тәжірибе бөлісу,әдістемелік көмек беру.
Шара барысында: Мұхамадиянова Айнур Мұхамадияқызы., ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ш.Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, гуманитарлық ғылым магистрі «Тарих пәнін оқытуда 4К моделін пайдалана отырып оқушылардың бойында сыни ойлауды, шығармашылықты, қарым-қатынасты және ынтымақтастықты дамыту»;
Елагина Наталья Владимировна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№19 мектеп-қосымша білім беру орталығы » КММ тарих пәні мұғалімі, педагог –зерттеуші «Использование приема TARSIA PUZZLE для развития навыков 4К на уроках истории»;
Бородина Марья Галиевна, ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Д. Қонаев атындағы №3 орта мектеп» КММ тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы «Формирование исторического мышления школьников через использование креативных методик обучения на уроках истории»;
Мартынова Татьяна Дмитриевна ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші «Применение в практике преподавания системы 4 К»;
Дуанбаева Жулдыз Нурлановна ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Октябрь шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы «Тарих пәнін оқытуда оқушылардың 4 К дағдысын дамытудағы әдіс тәсілдер» тақырыптарында сабақта 4К дағдыларын дамытудың тиімді әдістері мен практикалық жолын көрсету арқылы тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтіп, тәжірибеде қолдану үшін әдістемелік көмек алғандарын кері байланыс арқылы жеткізді.
Жауапты: Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері 87017677658