Жұмыс тобының отырысы

Жұмыс тобының отырысы

2022 жылғы 31 қазанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу мақсатында математика, геометрия, физика, информатика пәндері бойынша әдістемелік құралдарды дайындау және әзірлеу бойынша жұмыс топтарының мүшелерімен отырыс өткізді.

«Математика», «Геометрия», «Физика» және «Информатика» пәндері бойынша жұмыс топтары әдістемелік құралдардың құрылымын, ұсынымдар бөлімдерін, тапсырмаларға қойылатын талаптарды және рәсімдеуді талқылады.

Тапсырмалар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша негізгі орта білім берудің 5-9 сыныптарына арналған үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес құралды.

Семинар барысында әдістемелік құралдарды шығару мерзімі - 2023 жылдың қаңтар айына бекітілді.

Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің «Математика», «Физика», «Информатика» пәндерінен 16 мұғалім қатысты.

Отырыс ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№34 мектеп-лицейі» КММ базасында өтті.

Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.