«Басшының негізгі дағдылары» онлайн семинар

«Басшының негізгі дағдылары» онлайн семинар

ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылғы 28 қазанда еңбек өтілі 1-3 жыл аралығындағы мектеп директорларына арналған «Басшының негізгі дағдылары» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

Семинардың мақсаты жалпы білім беретін мектептерде басқару құралдары туралы білімді кеңейту және алған білімдері мен дағдыларын күнделікті жұмыста қолдану.

Шара барысында мектепті басқарудың инновациялық моделі, көшбасшының жеке қасиеттері, басқару стильдері мен циклі ұсынылды. Қазіргі басшының жұмыс тәжірибесіне қарамастан өзгермелі жағдайларға бейімделе білу, шешім қабылдау, жауапты болу қабілеті маңызды. Сондай-ақ халықаралық зерттеу көрсеткендей басқарушылық менеджмент пен мұғалімдердің дамуындағы жүйелі көшбасшылық үшін командалық жұмыс, инновациялық тәсілдерді тәжірибеге енгізу қажеттілігін семинар сикерлері:

Шингужинова Тлектес Сайхатановна, Астана қаласындағы «Global САПА» білім беру орталығы, ЖШС құрылтайшысы«Во всем системный подход!» тақырыбында;

Раисова Кульфарида Бабакумаровна, Өскемен қаласының  «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалының директоры «Мектептің бірегей мәдениеті» тақырыбында;

Абдраманова Гульжанат Асановна, Астана қаласы «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» КММ директоры «Басқарудағы инновациялық менеджмент» тақырыбында;

Берекполова Гульфия Октябревна, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының аға оқытушысы «Трансформационное лидерство в образовательном пространстве» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға қатысушылар аталған семинардың маңыздылығын, өзектілігін және практикалық пайдалылығын атап өтті.

Семинар қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.