
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Республика күніне орай Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Р.Марсеков атындағы орта мектебі» КММ базасында 2022 жылдың 21 қазанында «Адамның жеке тұлғасын қалыптастырудағы дене шынықтыру пәнінің рөлі мен маңызы» атты практикалық семинар өткізді.
Семинардың мақсаты - дене шынықтыру пәні бойынша мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету, іс-тәжірибе алмасу.
Іс-шараның ашылуында ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлнәр Зекенқызы Абетаева мен ШҚО ББ Ұлан аудандық білім бөлімінің басшысы Жаманбаев Ринат Ерболұлы семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.
Семинардың бағдарламасы негізінде Р.Марсеков атындағы орта мектебінің бастауыш сыныптағы дене шынықтыру мұғалімдері, педагог-зерттеушілер Капашов Алмас Абылқанұлы, Садыков Серик Зарубекович «Топтағы негізгі жұмыстар» және «Подвижные игры с элементами игр» тақырыптарында ашық сабақтар арқылы қолданатын әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Шара аясында Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Р.Марсеков атындағы орта мектебі» КММ мұғалімі, педагог-зерттеуші Бектембаев Архат Серикович «Бастауыш сыныпта дене шынықтыру сабағын ұйымдастырудың тиімді жолдары»;
Катон-Қарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Өрел орта мектебі» КММ мұғалімі, педагог-сарапшы Нурсапаров Самат Кожаханович «Дене шынықтыру сабағында бастауыш сынып оқушыларымен өткізілетін қозғалмалы ойындардың маңызы мен ерекшеліктері»;
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№48 мектеп –қосымша білім беру орталығы» КММ бастауыш мұғалімі, педагог-зерттеуші Ахмадиева Анаргул Замановна «Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру пәнінің заманауи әдіс-тәсілдерін қолдану барысында жеке тұлғаны қалыптастыру»;
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№4 Сагадат Нурмугамбетов орта мектебі» КММ бастауыш мұғалімі, педагог-зерттеуші Костюкова Галина Михайловна.«Значение физической культуры для всестороннего развития личности младшего школьника»;
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№39 орта мектебі» КММ бастауыш мұғалімдері, педагог-зерттеушілер Катчебаева Жанат Анатольевна және Купина Ирина Валерьевна «Развитие физических качеств методом круговой тренировки» тақырыптарында шебер сыныптарын көрсету арқылы дене шынықтыру сабақтарының сапасын арттырудағы өзекті мәселелерді талдап, тәжірбиелерімен алмасты.
Семинар соңында ұйымдастырылған кері байланыста қатысушылар пікірлерін білдіріп, келешекте практикалық семинарлар өткізіуді ұсынды.
Семинар «Қыран елім - Қазақстаным» тақырыбында флэш – мобпен аяқталды.
Семинардың спикерлеріне алғыс хат, қатысушыларға сертификат табысталды.