
Білім берудегі ақпараттық технологиялар қазіргі уақытта қоғамның ақпараттық өркениетке көшуінің қажетті шарты болып табылады. Жаңа ақпараттық технологиялар әртүрлі қызмет салаларында ұйымдастыру мен басқаруды компьютерлік және телекоммуникациялық қолдау ортасын жасайды. Ақпараттық технологияларды білім беру бағдарламаларына интеграциялау барлық деңгейлерде жүзеге асырылады: мектеп, ЖОО және жоғары оқу орнынан кейінгі оқыту.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Балалар жылы аясында ШҚО ББ «Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі» КММ және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетімен бірлесіп оқушыларды IT саласына тарту мақсатында Өскемен қаласының жалпы білім беретін орта мектептерінің 7-12 сынып оқушылары үшін екінші «2nd Oskemen hackathon» it-хакатонын өткізуді жоспарлайды.
Конкурс форматы - конкурс күні берілген техникалық тапсырма бойынша телефонға сайт немесе қосымша жасау.
Хакатон күндерінде IT саласындағы Алматы қаласының Nfactorial жетекші мамандарымен дәрістер мен әңгімелер өтеді.
Өтетін орны: 2022 жылғы 26-27 қараша күні ШҚТУ базасы.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Д.Серікбаев көшесі 19.
Өткізу уақыты: 26.11.2022 сағат 9.00 - ден 20.00-ге дейін.
27.11.2022 сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Жауапты-Желпакова Айгуль Халелевна, оқыту мазмұны және білім беру сапасының мониторингі кабинетінің әдіскері, 87774966377.