
2022 жылғы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті.
Сараптама кеңесінің хатшысы Даурембаева Ақмарал Қанағатқызы сараптама кеңесінің қарауына облыстағы білім беру ұйымдарынан барлығы 65 материал, оның ішінде 15 әдістемелік құрал, 40 авторлық бағдарлама, 5 дидактикалық материал, 5 элективті курс бағдарламалары келіп түскенін хабарлады.
Кеңес отырысы барысында Кенжебаева Алма Тлеуханқызы, ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту кабинетінің жетекшісі сараптамалық кеңес ережесінің өзгерістерімен және авторлық жұмыстарға қойылатын жалпы талаптарымен таныстырып өтті.
Сараптамалық кеңес отырысының жұмысына 15 комиссия мүшелері қатысты, ұсынылған материалдарды қарап, сараптамалық бағалау мен жұмыстар бойынша ұсыныстар берді.
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес жанындағы Сараптамалық кеңеске Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Тинькова Светлана Юрьевнаның «Школа олимпийского резерва по математике» вариативті курс бағдарламасы ұсынылды.