Тоғызқұмалақта тапқырлық бар

Тоғызқұмалақта тапқырлық бар

2022 жылғы 10 - 12 қазан аралығында Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тоғызқұмалақтан дәстүрлі желілік спартакиада өтуде. Шараға 22 мектептің тоғыжқұмалақшылары қатысуда. Жарыс онлайн форматта «PlayOK» платформасында ұйымдастырылды.

Төрешілер командасын дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт төрешісі Нұржан Қоңырбаев пен тоғызқұмалақтан Жетісу облысының аға жаттықтырушысы Бауыржан Шурин құраса, биыл олардың қатары тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Медет Құсайыновпен толықты.

– Қазақ халқының қайталанбас мұрасына айналып, зият пен дәстүрді тоғыстыратын тоғызқұмалақ ойынына қатысатын оқушылармыздың саны артқаны – біз үшін командалық жеңіс, – деп атап өтті NIS-ті дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ.

Өскемен қаласы NIS мектебінен ойынға 4 оқушы қатысуда. Солардың бірі –Төрежан Қалибекұлы аталмыш ойын түрін әкесінен үйренген. Шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы ойындарын демалыста орнау – бұл отбасында дәстүрге айналған:

  • Желілік спартакиадаға мен биыл екінші рет қатысып отырмын. Қарсыластарымыз мықтылығын танытып жатыр. Біз де жеңісті бермеуге тырысып бағудамыз. Жалпы ойын болған соң жеңістің де, жеңілістің де болуы орынды, - дейді Төрежан.

Биылғы жылы спартакиадаға Зияткерлік мектептердің жүзге жуық оқушысы қатысуда, байқау аясында #Тоғызқұмалақта тапқырлық бар бейнероликтер челленджі де бастау алды.

2020 жылдың соңында тоғызқұмалақ ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандарының тізіміне енгізілді.