
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2020 жылы 19 ақпанда Ұлан ауданы, «Р. Марсеков атындағы орта мектеп» КММ базасында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих пәнін оқытуда қалыптастырушы және жиынтық бағалау үдерісін дұрыс ұйымдастыру мәселелері» атты семинар-тренингін өткізді.
Семинар-тренингтің мақсаты -критериалды бағалау және оқытуды жоспарлау бойынша мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Семинарға Ұлан ауданының жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәнінің 25 мұғалімі қатысты. Семинар-тренинг барысында Өскемен қаласы әкімдігінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ тарих пәнінің педагог-шебер санатты мұғалімі, жаңартылған білім мазмұны бойынша тренер, тарих ғылымдарының кандидаты Чекетаева Роза Сарқытбекқызы сабақ жоспарында пән бойынша оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету; жоспарлау кезінде оқу бағдарламасын, оқу жоспарын және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын пайдалануды дамыту; сабақ жоспарына қалыптастырушы бағалау және саралау тәсілдерін енгізу жолдарын ұсыну, бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын жасау туралы түсініктерін тереңдету бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізіп мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетті.
Қатысушылармен «Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын жасаудың алгоритімі» тренингін өткізді.
Топтық жұмыс арқылы қатысушылар:
- Сабақ жоспарына қалыптастырушы бағалау және саралау тәсілдерін енгізу жолдары;
- Қалыптастырушы бағалаудың эмоциялық/аффекттік, психомоторлық/әлеуметтік, танымдық аспектілерін тиімді қолдану тақырыбында постер жасап қорғады.