
2022-2023 оқу жылында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Қаржылық сауаттылық» бөлімшелері 11 сынып оқушылары үшін оқытылатын «Жаһандық құзыреттіліктер» вариативтік компонентіне енгізілген, бұл білім алушылардың пәндік салаға (hard skills) әлеуметтену дағдыларына (soft skills), өзін-өзі тәрбиелеу және үздіксіз білім алу қабілеттеріне қатысты дағдыларын қалыптастырудың жүйелі процесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (self skills).
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» бөлімшесі білім алушылардың кәсіпкерлік, экономика, менеджмент және маркетинг негіздерінің базалық білімдерін зерделеуге; өз таңдауы үшін жауапкершілікті оятуға және кәсіпкерлік ойлау дағдысын, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға; қазіргі заманғы нарықтық жағдайларда болашақ дербес қызмет үшін дағдылардың практикалық базасын құруға бағытталған.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы әдістемелік қолдау мақсатында «Облыс мектептерінің жоғары сыныптарында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» сабақтарында оқытудың стандартты емес түрлері мен әдістері» практикалық онлайн-семинарын өткізеді.
Семинар аясында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің мұғалімдері өскелең ұрпақтың бойында бизнестік ой-өріс қалыптастыру бойынша өз тәжірибелерімен бөліседі.
Онлайн семинар 2022 жылдың 20 қазанында өтеді.
Өту уақыты -15.00 сағ.
Модератор – Желпакова Айгуль Халелевна, оқыту мазмұны және білім сапасы мониторингісі кабинетінің әдіскері, 87774966377.