Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің VII съезі және ІІ Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалі

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің VII съезі  және ІІ Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалі

Қазақстан Республикасының бас қаласы Астана қаласында 2022 жылғы    5-6 қазанда Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жаңа шынайы өмірде қалыптасуы және пандемиядан кейінгі кезеңдегі білім беру процесінің өзгеруі» тақырыбында достастық ТМД-ның 6 елінен (Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы) өкілдерінен құралған 1000-ға жуық білім беру саласының қызметкерлері қатысқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің VII съезі өтті.

Съездің жалпы пленарлық отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі      Асхат Қанатұлы Аймағамбетов, ТМД Атқарушы комитеті төрағасының орынбасары Бекетжан Махатжанұлы Жұмаханов, НЗМ дербес білім беру ұйымының Басқарма төрағасы Күләш Ноғатайқызы Шамшидинова, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Армения Білім Министрінің орынбасарлары, Ресей Федерациясы Оқу-ағарту министрлігінің кәсіптік білім беру және оқыту саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры сөз сөйледі.

ҚР Оқу-ағарту министрі А. Қ. Аймағамбетов өз сөзінде білім беру үдерістеріне съезд жұмысы өте маңызды екенін және мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары арасындағы ТжКБ, жоғары білім беруді дамытуда, жалпы академиялық тәжірибе алмасу - съездің күн тәртібіндегі маңызды мәселелер болып табылатынын атап өтті.

Съезд бағдарламасы жаңалыққа толы, өте өзекті болды. Іс-шара барысында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының білім беру үздігі» төсбелгісімен, «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, «Ы.Атынсарин», ҚР Оқу-ағарту министрлігінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыстады.

Съезд аясында 9 секция бойынша жұмыс жүргізілді: «Болашаққа бағдарланған білім: мазмұны мен педагогикасы», «Білім берудегі бағалау және қазіргі заманның басымдықтары», «Шығармашылық және ынтымақтастық процесінде тұлғаға бағдарланған жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту», «Мұғалім: қазіргі заманғы талаптар және жетілу жолдары», «Қосымша білім беру: балалар біздің әлем», «Білім берудің цифрлық трансформациясы: қазіргі заманғы мектептің келбеті», «Оқушылардың инклюзивтілігі мен әл-ауқатын оң өзгерістер факторы ретінде дамыту», «Жас мамандар еліміздің табысты болашағы үшін».

«Цифрландыру дәуірінде оқу сауаттылығын дамытудың жаңа тәсілдері», «Мектеп пен ата-аналар жұртшылығының өзара қарым-қатынасының тиімділігін арттыру мүмкіндіктері» тақырыптарында жүргізілген диалог алаңдары да маңыздылығы жағынан өзекті болды.      Аталған алаңдарда қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оқу сауаттылығын жетілдіру, ата-аналар қауымдастығымен жұмыс жасау бойынша ұсыныстарын айтты.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің VII съезінің бір бөлігі «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығының қолдауымен ҚР Білім министрлігі екі жыл сайын өткізетін педагогикалық шеберліктің ІІ Халықаралық фестивалі болды.

Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалі - бұл оқытуды дамытудың авторлық тәжірибесімен бөлісетін сараптамалық алаң. Іс-шараға 6 елдің мұғалімдері қатысты. Фестиваль «Мұғалім», «Тәрбиеші», «Психолог/әлеуметтік педагог» номинациялары бойынша сырттай және күндізгі 2 кезеңнен тұрды. Аталған фестивальге 35 педагог қатысты, оның     9 -ы Қазақстан мұғалімдері.

 Қатысушылар 4 критерий бойынша шеберлік сыныптарын өткізді: пәндік-әдістемелік мазмұн, шеберлік сыныбына қатысушылардың технологиялылығы мен өз қызметін басқару, педагогтің кәсіби мәдениеті.

Фестиваль қорытындысы бойынша әр номинацияда конкурстық комиссияның шешімімен І,ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдар және халықаралық фестиваль қатысушысының сертификаттары табысталды. Сондай қатысушы сертификаты аталған халықаралық фестивалдің сырттай кезеңіне қатысып, фестивальдің екінші кезеңіне арнайы шақырылған ШҚО «Исток» жеке мектебінің география пәнінің мұғалімі Королева Елена Александровнаға берілді.

Съездің салтанатты ашылуында «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен ШҚО білім басқармасының бұрынғы басшысы, қазіргі уақытта ШҚО бойынша «Amanat» партиясының облыстық филиалының атқарушы хатшысы Сайрангүл Ахметкәрімқызы Жумадиловаа марапатталды.

Съездің соңғы пленарлық отырысында ҚР Оқу-ағату министрлігінің бірінші вице-министрі Шолпан Таңатқызы Каринова сөз сөйледі.

Өз сөзінде ол VII Съездің және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігінің ІІ Халықаралық фестивалінің барлық қатысушыларына тиімді жұмыстары үшін алғысын білдіріп, осындай қарым-қатынасты жалғастырудың және бірлескен іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Съезд жұмысына Шығыс Қазақстан облысынан 25 делегат қатысты.