«Оқушылардың жан-жақты дамуы тұрғысынан шет тілдерін оқытудағы әдіснамалық инновациялар» семинар-тернингі

«Оқушылардың жан-жақты дамуы тұрғысынан шет тілдерін оқытудағы әдіснамалық инновациялар» семинар-тернингі

ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «InterPress Distribution» компаниясымен бірлесе Өскемен қаласының №10 мектеп-гимназиясында 2020 жылдың 19 ақпаны күні  ағылшын тілі пәні мұғалімдері мен білім бөлімдерінің әдіскерлеріне «Оқушылардың жан-жақты дамуы тұрғысынан шет тілдерін оқытудағы әдіснамалық инновациялар» тақырыбындағы семинар-тернингін өткізді.

Семинар мақсаты: оқытушылар мен әдіскерлердің біліктілігін арттыру, шет тілдерін оқыту сапасын жақсарту, үздік оқу материалдары бар мұғалімдерді таныстыру.

Семинар барысында «InterPress Distribution» компаниясының ағылшын тілі бойынша кеңесші-әдіскері Серимбетов Нуржан Маралұлы мен семинар спикері, Өскемен қаласының №10 мектеп гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Подхомутникова Светлана Юрьевна  дәріс оқыды.

Семинарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен ағылшын тілі пәнінің бірлестік жетекшілері қатысты.

Семинар соңында барлық қатысушыларға Қазақстандағы халықаралық Oxford University Press баспасының сертификаты табысталды.