Облыстық өңіраралық педагогикалық оқу «Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ даласының дара ұлы»

Облыстық өңіраралық педагогикалық оқу «Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ даласының дара ұлы»

2022 жылдың 5 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы ақын, ғалым, түркітанушы, аудармашы, педагог, публицист, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспар аясында  «Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ даласының дара ұлы» өңіраралық педагогикалық оқуын  өткізді.

Педагогикалық оқудың мақсаты  – А.Байтұрсынұлының  ақыл сөздері мен дана ойларын оқушы санасына сіңіру, кемеңгерлік, даналық пікірлерінің қазақ ұлттық педагогикасының сарқылмас қазынасына айналғандығын таныту.

Іс-шараға А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері, филология ғылымдарының  кандидаттары, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, PhD докторанты, «Өрлеу» КДИ және ПШО мамандары, Астана,  Алматы, Шымкент қалалары, Павлодар, Абай, Ақмола, Қарағанды, Жетісу, Орал облыстарының орта білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары және педагогтері (қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі, химия және биология пәндері, бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп кітапханашылары, әлеуметтік педагог, мектеп психологтары), әдіскерлер, сынып жетекшілері қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығы директордың орынбасары  Г.З.Абетаева алғы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Педагогикалық оқудың пленарлық бөлімінде:

Ақтанова Айман Советқызы,  ҚР Оқу-ағарту министрлігі  Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының  зертхана меңгерушісі, филология ғылымдарының  кандидаты «Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы»;

Слямбеков Қымбат Берікұлы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері «Ахмет Байтұрсынұлы - әлемдік тұлға: ғылыми-танымдық таныстырылым»;

 Шүиіншәли Абай Серікұлы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, филология институтының PhD докторанты,  ҚР Журналистер Одағының мүшесі «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-әдістемелік мұралары»;

 Нурбекова Акмарал Маметказиевна, Жетісу облысы «Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-шебер, «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының штаттан тыс тренері, «Алматы облысының үздік педагогі-2021» атағының иегері «Бастауыш сынып мұғалімін даярлаудағы А. Байтұрсынұлы әдістемесінің өзектілігі»;

Сейлхан Айгүл Қауатайқызы, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының  Шығыс Қазақстан облысы  бойынша  филиалының доценті,  филология ғылымдарының кандидаты, «Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы қызметіндегі  халық үні» тақырыптары аясында салмақты ойлары,  өзіндік пікірлері, ақынның еңбектеріне байланысты  зерттеулерін баяндап жеткізді.

Педагогикалық оқу 3 бағыттағы секциялық жұмыстармен жалғасты.

-«Балалар, бұл жол басы даналыққа»;

-«Тіл –адамның жұмсайтын қаруының бірі», 

-«Қалдырған ізің мәңгілік...»

Секциялық бағыттарда  Астана,  Алматы, Шымкент қалалары, Қарағанды, Павлодар, Абай, Ақмола, Орал облыстарының орта білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары және  қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі, химия және биология пәндері, бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп кітапханашылары, әлеуметтік педагог, мектеп писхологтары, әдіскерлер, сынып жетекшілері құрамындағы баяндамашылар ақын, ғалым, түркітанушының  педагогикалық  ойлары жайлы  өзіндік ізденістің нәтижелерін көрсетіп, құнды еңбектерін насихаттаудағы іс-тәжірибелерімен бөлісті. Кері байланыс ұйымдастырылып,  қатысушылар Ахмет Байтұрсынұлы педагогикасының сарқылмас қазына екендігін танытты.

Саралы ойларын,  өзіндік пікірлерін, ғалымның еңбектеріне байланысты  зерттеулерін ұсынған педагогикалық оқудың пленарлық бөлімінің баяндамашыларына Алғыс хат берілді. Іс-тәжірибелерімен бөліскен секциялық бөлімінің спикерлеріне Сертификат табысталды.

 «Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ даласының дара ұлы» педагогикалық оқудың  электронды жинағы  Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының білім порталында орналастырылады.

https://www.facebook.com/centrshygysvko/posts/pfbid02MBeaUUVr9HmS4n7DVBvNCq7aiH3eMoFb5rGbhcBwuDAz8WLFkpZEmeLjyheBi8A6l

https://www.instagram.com/p/CjVWEZjqPOb/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Модератор - оқытудың мазмұны және білім сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері А.Ж.Билялова