«Ең үздік жыл психологі-2022» облыстық байқауының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Ең үздік жыл психологі-2022»   облыстық байқауының  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жылдық жұмыс жоспары аясында республикалық «Ең үздік жыл психологі» байқауының облыстық кезеңін өткізеді.

Іс-шараның мақсаты: кәсіби құзыреттілікті оңтайлы меңгергенін көрсететін талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтерді анықтау, оларды қолдау және көтермелеу.

Байқау 3 кезеңде өткізіледі:

I кезең-аудандық, қалалық кезең 2022 жылғы 15 қазанға дейін;

II кезең-облыстық кезең қосымша хабарланады.

ІІІ кезең – республикалық кезең 2022-2023 оқу жылында өткізіледі.

Облыстық байқаудың өтетін күні: 2022 жылдың 20 қазан күні, басталуы сағат 10:00.

Өкізілетін орны: Өскемен қаласы, Жастар көшесі 31/3 мекен-жайы бойынша «№47 жалпы білім беру мектебі» КММ базасында.

Ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы. .

Жауапты: Ардақ Құрманғазықызы Кубентаева, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО психолог-әдіскері 87773825029, 8/7232/742550