Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Тринта» ЖҚ- мен бірлесе 2022 жылдың 6 қазан күні «Возможности развития лидерских навыков, гражданской,и социальной активности старших школьников» тақырыбында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің «Құқық негіздері», «Тарих» пәні мұғалімдері және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен орыс тілінде онлайн-семинар өткізеді.
Семинардың мақсаты - жоғары сынып оқушыларының көшбасшылық дағдыларын, азаматтық және әлеуметтік белсенділігін дамытуға қатысты құрылымдық ақпаратты, оның ішінде мүмкіндіктер, тәсілдер мен ұйымдар туралы ақпаратты беру.
Онлайн-семинар барысында: «ШҚО-дағы ҮЕҰ және басқа да азаматтық қоғам институттарын қолдаудың Азаматтық ресурстық орталығының жұмысын ұйымдастыру» жобасы шеңберінде «Тринта» жеке қоры қызметкері семинар тақырыбы бойынша таныстырылым жасап, ақпараттар береді.
Онлайн семинар 2022 жылдың 6 қазанында өтеді.
Өткізу уақыты-сағ. 15.00
Модератор –Абраимова Бахыт Касеновна, оқытудың мазмұны және білім сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері, 87017677658.