Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы әдістемелік қолдау мақсатында «Оқушыларды пәндік олимпиадалар мен зияткерлік конкурстарға дайындау аспектілері» атты практикалық онлайн-семинар өткізеді.
Семинардың мақсаты - оқушыларды мектептегі пәндік олимпиадалар мен конкурстарға дайындау бойынша тәжірибені тарату, білім алушыларда танымдық қызмет процесінде «Математика», «Физика» және «Информатика» пәндерінен оқу материалын дербес, шығармашылық игеруді дамытатын оқу процесін ұйымдастыруға бағытталған педагогикалық іс-қимылдар мен тәсілдерді қалыптастыру.
Онлайн-семинар барысында:
ШҚО ББ «Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп – гимназия – интернаты» КММ директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ауганбаева Бақытгул Омаргалиевна, математика пәнінің мұғалімі Кудукенова Жансая Қайратқызы, информатика пәнінің мұғалімі Чакеева Алмагуль Манапқызы;
ШҚО ББ «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Макиенко Оксана Владимировна, физика пәні мұғалімі Измайлов Александр Николаевич, физика және робототехника пәні мұғалімі Родионова Дарья Сергеевна іс–тәжірибелерімен бөліседі.
Онлайн семинар 2022 жылдың 12 қазанында өтеді.
Өткізу уақыты-сағ. 15.00
Модератор – Желпакова Айгуль Халелевна, оқытудың мазмұны және білім сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері, 87774966377.