«Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге мамандар тартуды насихаттау» ШҚО педагогтерімен кездесу

«Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге мамандар тартуды насихаттау» ШҚО педагогтерімен кездесу

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2022 жылғы 28 қыркүйекте Атырау облысында мұғалім тапшылығы бар өңірлер үшін қолдау шараларының тиісті пакетімен үздік педагогтерді тарту қағидаларын түсіндіру бойынша білім беру ұйымдарының педагогтерімен кездесу ұйымдастырды.

Шара Өскемен каласындағы «№48 мектеп-косымша білім беру орталығы» КММ педагогтерімен басталып, облыс мектептері мұғалімдерін қамту мақсатта ZOOM арқылы жұмыс жалғасты.

Кездесу барысында Атырау облыстық білім басқармасы әдістемелік орталығының әдіскері Айгүл Орынбасарқызы өңірдегі педагог кадрлардың жетіспеушілігі туралы ақпарат берді. Педагогтерге жұмысқа іріктеудің негізгі қағидаттарын түсіндірді.

Онлайн-кездесу соңында спикер педагогтердің сұрақтарына жауап берді.