Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының Спорттық бағдарлау бойынша республикалық жарысындағы жеңісі

Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының Спорттық бағдарлау бойынша республикалық жарысындағы жеңісі

2022 жылғы 20-25 қыркүйек аралығында Щучинск қаласында оқушылар арасында спорттық бағдарлаудан республикалық турнир өтті. Жарыстың мақсаты - дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау. Қатысушылардың жасы 2006-2011 жылы туғандар. Турнир бағдарламасы: орташа қашықтық, ұзақ қашықтық, спринт және эстафета. Жарысқа Шығыс Қазақстан облысының атынан Өскемен қаласы мен Шемонаиха ауданынан 21 оқушы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында жалпы командалық есепте ШҚО командасы 1 орынды, қыздар арасында - 3 орынды жеңіп алды.

Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!