
2022 жылғы 22 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ш.Бұқтұғұтовтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуы, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездікпен қарау жағдайлары және балалар арасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғаларды болдырмау жөніндегі профилактикалық шаралар мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс жөніндегі аудандық, қалалық комиссиялардың төрағалары жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы баяндады.
Комиссия мүшелері түзету іс-шараларын жүргізу үшін балаларға ең басты тәрбие көзі болып табылатын ата-аналарының дұрыс қолайлы орта құру қажеттігін айтты.
Отбасының рөлі ерекше атап өтілді – баланың негізгі жүйесі, баланың мінез-құлқындағы өзгерістер мен ескерту белгілерін бірінші болып көреді.
Жалпы қабылданатын шаралар балаларды тәрбиелеу мәселелерінде ата-аналардың хабардарлығын, ата-ананың баланың психоэмоционалды әл-ауқаты үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталуы тиіс.
Отырыс қорытындысы бойынша осы бағыттағы жұмысты күшейту тапсырылды.