ДЕБАТ Бұл палата Ахмет Байтұрсынұлы мұраларының педагогикалық құндылығы арқылы бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу механизмін ұсынады

ДЕБАТ Бұл палата  Ахмет Байтұрсынұлы мұраларының  педагогикалық құндылығы арқылы бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу механизмін ұсынады

2022 жылғы 19 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп – гимназия – интернаты» КММ базасында  ақын, ғалым, түркітанушы, аудармашы, педагог, публицист, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай республикалық әдістемелік ұсынымдар аясында аудандық, қалалық білім беру мекемелерінің және облыстық білім беру ұйымдарының (мемлекеттік тілде оқытатын мектептер үшін) қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәнінің жас педагогтері арасында дебат өткізді.

Мақсаты - Ахмет Байтұрсынұлының өміріндегі тың деректер, шығармаларын арқау етіп, жазушы мұраларының  педагогикалық  құндылығы арқылы  бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу механизмін ұсыну. Жас мамандардың белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу.

Дебат пікірталасы «Шығыс» өңірлік орталығының әдіскері Б.К.Абраимованың іс-шара бағдарламасымен таныстыруы және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері А.Ж.Билялованың  жас мамандарға дебат ойынының тәртібі мен ережесін ұсынудан басталды. Шара барысында Жамбыл атындағы мектеп – гимназия – интернатының мұғалімдері Қ.Сағиева, М.Мұқашевалардың ұйымдастыруымен  А.Байтұрсынов шығармашылығына байланысты  бейнеролик көрсетілді.

Өскемен қаласы «Samga» даму орталығының директоры Н.Е.Шайзанова «Дебат пікірталасына дайындау әдістемесі» тақырыбында жас мамандарға дебат әдістемесін ұсынды.

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№24 орта мектебі» КММ директоры, тарих пәнінің мұғалімі  Л.Мәуітхан «Дебат үйірмесінің бағдарламасы» авторлық жұмысында үйірмелерді ұйымдастыру жолы, әдістері, қажеттілігі, ерекшелігімен таныстырды.

Дебат пікірталасының спикерлері:

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№14 негізгі орта мектебі»КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маратова  Жанбота  Маратқызы;

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 орта мектебі»  КММ, тарих пәні мұғалімі Шаріпханов Тоқтар Шаріпханұлы;

ШҚО білім басқармасы  Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№35 орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Шәріпжанова Аяулым Қабылжанқызы;

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№42 орта мектебі» КММ, тарих пәні мұғалімі, Октябрь Биназар Бейбитулы топтық пікірталас алаңында қарар төңірегінде өз көзқарастарын дәлелдеді, кейс ұсынды,  позицияларын қорғады, топтың қорғаныш шеңберін қорғайтын тұжырымды ойларын жеткізді.

«Біле жүріңіз» ой сергіту мақсатында жүргізілген кезеңде дебат ойынының терминдеріне байланысты сұрақтар қойылып, қатысушылар белсенділігі артты.

Парламентарий  кезеңінде дебат ойынының көрермендері, қарар туралы пікірлерін білдірді.

Төрешілер - ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «О.Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі» КММ, тарих пәні мұғалімі Қуаныш Бақытжанұлы, Өскемен қаласы «Samga» даму орталығының директоры, дебат және шешендік өнер бойынша жаттықтырушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Шайзанова Назым Ержанқызы  дебат кемшіліктері мен артықшылықтарын саралап, жеңімпаз топты анықтады.

Дебат қорытындысында спикерлерге Алғыс хат, белсенді қатысушыларға Серификаттар табысталды. Іс-шараға барлығы 50-ге жуық жас маман қатысты.

Модератор- оқытудың мазмұны және білім сапасы мониторингі  кабинетінің әдіскерлері   Б.К.Абраимова,  А.Ж.Билялова