
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2022 жылғы 15 қыркүйегінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №160 «Тәлімгерлік қағидалары және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар» бұйрығына сәйкес директорлардың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен педагог-тәлімгерлер үшін одан әрі жұмыс жоспарын түсіндіру бойынша облыстық онлайн- семинар өткізді.
Семинардың мақсаты-педагогтің кәсіби өсуі мен дамуына дайын, қажетті кәсіби және адамгершілік қасиеттерге ие білікті маман ретінде қалыптасу процесі бойынша түсіндіру жұмысы.
Семинарға 200-ден астам адам қатысты.
Жұмыс барысында тәлімгерлік туралы ереже мен өткізу тәртібі жайлы түсіндірілді.
Семинар аясында педагогтер мен тәлімгерлер өз тәжірибелерімен бөлісті:
Пастухова Евгения Владимировна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№12 мектеп-гимназиясы» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Педагогикалық қызметтегі тәлімгерлік кәсіби дамудың тәсілі ретінде»;
Камбасова Мөлдір Мұратбекқызы, Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі» КММ тарих пәнінің мұғалімі ШҚО ББ «Білім Инновация лицейі жағдайында 2021-2022 оқу жылындағы жас ұстаздармен тәлімгерлердің жұмыстарының ұйымдастырылуы және атқарылуының қорытындысы».
Семинар соңында тәлімгерлерге жас мамандармен жұмыс жүргізетін жылдық жоспар үлгісі, оқу жылының аяғындағы қорытынды есептің жасау жоспарына талдау жасалып, әдістемелік ұсынымдар берілді.
Онлайн-семинар аяқталғаннан кейін модераторлар – Э.Т. Шауменова мен Б. З. Асылханова қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің назарына осы мәселе бойынша негізгі нормативтік құжаттарды ұсынды.