
Бүгін, 2020 жылдың 14 ақпанында, «Skills for geeks» облыстық чемпионатының қалалық кезеңі Курчатов қаласында өтті.
Облыстық чемпионатқа қатысу мүмкіндігі үшін 4 жалпы білім беретін мектептің 47 оқушысы «№3 орта мектеп» КММ базасында бақ сынады. Чемпионат спорттық робототехника бойынша «Сызық бойымен жарыс», «Сумо», «Кегельринг», «Кегельринг квадро», «Жаяу жүретін роботтар сумосы» және «Танк биатлоны», сонымен қатар «3D модельдеу», «Бағдарламалау» және «Arduino микроконтроллерінде құрылғыларды бағдарламалау» бағыттары бойынша өтті.
Қалалық кезең жеңімпаздары осы жылдың сәуір айында өтетін облыстық чемпионатқа қатысады.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!






