«Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың интеллектуалдық конкурсына Анонс

«Менің кіші Отаным»  жас тарихшылардың интеллектуалдық конкурсына   Анонс

Туған елдің тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, қоғамдық белсенділікті қалыптастыру және өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді дамыту, сондай-ақ оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы, ұлттық өзін-өзі сәйкестендіру және өзінің кіші Отаны үшін мақтаныш сезімдерін дамыту мақсатында Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» конкурсы өткізіледі.

Конкурстың қатысушылары ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 9-10 сыныптарының оқушылары.

Конкурс үш кезеңде өткізіледі:

1) бірінші (аудандық) кезең – 19 қыркүйек;

2) екінші (облыстық) кезең – 14 қазан;

3) үшінші (республикалық) кезең 1-3 қараша .

Конкурс 2 турда өткізіледі:

І тур – Қазахстан тарихы пәнінен сұрақтар бойынша тестілеу;

ІІ тур – 4 номинация бойынша:

  • «Менің кіші отанымның тарихы» бейнерепортаждау форматында өз елді мекенінің тарихын ашып береді.
  • «Кіші отанымның символы» бейне презентациялау арқылы өз елді мекенінің таңдауын және кіші отанына деген сүйіспеншілік бейнесінің бірегейлігін дәлелдейді;
  • «Менің кіші отанымның болашағы» тақырыбында шығармашылық жұмыстарын (макеттер) қорғайды:
  • «Менің туған өлкем» тақырыбында өз елді мекені туралы эссе жазады.

Конкурстың ережесі https://www.shygysdaryn.kz/ сайтында көрсетілген.