Отбасы күні апталығы өтті

Отбасы күні апталығы өтті

7-14 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының барлық 342 білім беру ұйымдарында Қазақстандағы Отбасы күніне арналған апталық өткізілді.

Отбасы күнін мерекелеу аясында бекітілген жоспарға сәйкес мектептерде ата-аналардың, оқушылар мен педагогтардың қатысуымен іс-шаралар ұйымдастырылды:

- «Менің ата-анамның хоббиі» фотосуреттер байқауы;

- бірыңғай сынып сағаттары;

- «Әкем, анам, мен - спорттық отбасы» отбасылық эстафетасы;

- «Отбасы отбасына көмектеседі» қайырымдылық акциясы.

Мектептердің әлеуметтік желілерінде #otbasysagaty, #часемья хэштегтері бар посттар жарияланды.

Іс-шараларға 90 мыңнан астам баланы қамтитын 1-11 сынып оқушылары қатысты.