«Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің баспасөз хабарламасы

«Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің баспасөз хабарламасы

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2022 жылдың қазан айында «Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілетінін хабарлайды.

Конкурстың мақсаты – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде мүмкіндіктерді жетілдіре отырып дамыту, дәстүрлі емес педагогикалық идеяларды іздестіретін, кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтердің кәсібінің мәртебесін арттыру және ынталандыру.

Байқаудың облыстық кезеңіне қалалық және аудандық кезеңдердің жеңімпаздары қатысады.

Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 12 қыркүйекте басталып, 22 қыркүйекке дейін жалғасады. Байқау туралы ақпарат kundelik.kz жүйесінде орналастырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау https://teachercontest.iac.kz/ веб-порталында жүзеге асырылады.

Байқау үш кезеңнен тұрады:

- I кезең – аудандық, қалалық деңгей 2022 жылғы 12 - 31 қыркүйек аралығында өтеді;

- II кезең – облыстық деңгей 2022 жылғы қазан айында өтеді;

- III кезең – республикалық деңгей 2022 жылғы қараша айында өтеді.

Екі байқаудың қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған мұғалімдер республикалық деңгейге өтеді.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру қағидалары            (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 355 бұйрық өзгерістермен).

Байланыс телефоны: ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту кабинетінің жетекшісі Кенжебаева А.Т.,        тел.: 8 (7232) 742-550.