Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауын түсіндіру бойынша ұстаздар қауымымен кездесу

Мемлекет басшысының  «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауын  түсіндіру бойынша ұстаздар қауымымен кездесу

Бүгін, ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде "Жас техниктер станциясы" КМҚК базасында 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын түсіндіру бойынша облыстың білім беру ұйымдарының педагогикалық қауымдастығымен кездесу өтіп, білім беру жүйесін одан әрі дамытуға, педагогтерді және оқушыларды қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Кездесу барысында ШҚО білім басқармасы басшысының м.а. Алима Ақылбек Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оқушы орындарының тапшылығы, үш ауысымды және апатты мектептерді жою проблемаларын шешу үшін "Жайлы мектеп" жаңа ұлттық жобасын іске асыруға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Балаларды балабақшалармен қамтамасыз ету мәселесі, педагогтардың жалақысы тағы 25%-ға артатындығы туралы атап өтілді, сондай-ақ жаратылыстану-ғылыми цикл және ағылшын тілі пәндерін жоғары буында оқытуға баса назар аударылды.

Сонымен қатар, әлеуметтік осал отбасылардағы балаларды мектеп формасымен қамтамасыз ету, балаларды оқытуға бөлінген қаражат бойынша білім беру шотын енгізу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңда білім басқармасымен аталмыш тапсырмалар жоспарлы түрде жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Кездесу соңында қатысушылардың барлық сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.