
13 февраля 2020 года в Восточно-Казахстанском государственном университете им.Аманжолова под председательством
2020 жылғы 13 ақпанда Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әлішер Мархабаттың төрағалығымен облыстық білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Алқа отырысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, жоғары оқу орындарының ректорлары, «НЗМ» АҚ, «Өрлеу» ШҚО БАИ, ШҚО БСБД өкілдері, облыстық басқарма басшылары, білім бөлімдерінің басшылары, білім беру және ТжКБ жүйесіндегі ұйымдардың басшылары, білім беру саласындағы еңбек ардагерлері, ҮЕҰ, ата-аналар қауымдастығы мен БАҚ өкілдері шақырылды.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады. Негізгі баяндамада облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова білім басқармасының 2019 жылғы қызметінің қорытындылары мен алдағы кезеңге қойылған міндеттерді айтып, білім беру жүйесінің көрсеткіштерін, мектепке дейінгі, орта және техникалық білім беру жүйесіндегі реформалардың нәтижелерін атап өтті және ел болашағының игілігі үшін мақсатты жұмыстың қажеттілігін қадап айтты.
Басқарма басшысы өткен жыл жемісті болғанын атады, өйткені Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі» Заңы және білім беру жүйесінің жаңа нормативтік-құқықтық актілері қабылданып, Білім мен ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітілгендігін айтты.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілі Алма Мұхамеджанова 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында орта орта білім беруді жаңғыртудың жолдарымен таныстырды.
Осы жылы республиканың барлық мектептері мен колледждерінде «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы жүзеге асырылатын болады. «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Ержан Әубәкіров жобаны жүзеге асыру арқылы мектеп, колледж және ата-аналар арасындағы өзара әрекеттесудің жаңа форматын енгізу кезеңдерімен таныстырды. Ол өз сөзінде ұлттық және отбасылық құндылықтардың дамуына және өсіп келе жатқан бала тәрбиесінде отбасы рөліне аса назар аударды.
Келесі баяндамада мемлекеттік саясаттың басты басымдығы халыққа әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі қарастырылды. Ата-аналар мен педагогикалық қоғамдастықтың атаулы әлеуметтік көмек және кепілдендірілген әлеуметтік пакетті тағайындаудағы мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы хабардарлығын арттыру мақсатында, облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жасұлан Сарсебаев сөз сөйледі.
Сондай-ақ, алқа отырысында білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу туралы ШҚО Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің басшысы Ренат Набиев баяндама жасады. Өз баяндамасында жемқорлық құқық бұзушылық үшін жеке басшы ғана емес, лауазымды тұлғаның да, білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің де жауапкершілігін атап өтті, сонымен қатар бірінші басшыларды тазалық пен ашықтықтың үлгісі болуға шақырды.
Алқа жұмысын облыс әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат қорытындылап, білім беру жүйесінің негізгі басымдықтарын атады және аудан мен қала әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді. Алқа отырысы соңында қарар қабылданып, ұсыныстар айтылды.
Алқа отырысына қатысушылар үшін «Облыстың білім беру ұйымдарының жетістіктері көрмесі» ұйымдастырылды, көрмеде қатысушылар оқушылардың үздік IT - жобаларымен және оқу-әдістемелік кешендермен таныса алды.













