Шығыс Қазақстан облысы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының басшылары мен әдіскерлерінің I облыстық слеті

Шығыс Қазақстан облысы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының басшылары мен әдіскерлерінің I облыстық слеті

Бүгін, ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде Өскемен қаласы, «Рахат» балабақша-бөбекжайы кешеңі базасында Шығыс Қазақстан облысы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының басшылары мен әдіскерлерінің «Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибе және перспективалар» атты I облыстық слеті өтті.

Аталған іс-шара мектепке дейінгі білім беру жүйесінде басшы қызметкерлердің мәртебесін арттыру және кәсіби имиджін қалыптастыру; менеджмент бойынша жұмыста озық әдістер-тәсілдерді пайдалану үшін әдістемелік қолдау көрсету мақсатында өткізіліп отыр.

Слет жұмысына «Biliminvest» ұлттық қауымдастығының жетекші сарапшысы Жанар Байдаулетовна Бликова, облысымыздың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының 60-тан аса меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты.  

Слет алаңдарында TED-дәрістер, зияткерлік ойындар, шығармашылық шеберлік сыныптары, сондай-ақ қаланың мектепке дейінгі мекемелеріне экскурсиялар өткізілді.

Салтанатты шараның ашылуында сөз алған Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы басшысының м.а.   А. Ақылбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауында жас ұрпақтың оқуына, үздіксіз білім алу және ғылым саласында жетістіктерге жетуіне барлық жағдайды жасаудың маңыздылығына ерекше тоқталғанын атап өтті.