
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылғы 6-10 қыркүйек аралығында 8-10 сынып оқушылары арасында «Киелі Алтайым – туған жерім» археологиялық мектебін өткізді.
Археологиялық мектеп 2018 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметовтың бастамасымен оқушыларды археологиялық және өлкетану біліміне араластыру, археологиялық зерттеу әдістемесімен таныстыру, облыстағы дарынды оқушыларды тарих және археология бойынша облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жобалар конкурсына дайындау, жас ұрпақты туған өлкенің табиғи және мәдени-тарихи мұрасына деген құндылықты қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу мақсатында өткізіліп келеді
Археологиялық мектептің оқытушысы ретінде Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультетінің түлегі, археология және этнология ғылымдарының магистрі, Шығыс Қазақстан көшпенділерінің археологиясы туралы 30-дан астам ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалардың авторы, Назарбаев Университетінің қазақ тілі және түркітану кафедрасының оқытушысы – Жүнісханов Айдын Сенғалиұлы шақырылды.
Археологиялық мектептің қатысушылары үшін келесі ғылыми-зерттеу және тарихи-танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды:
Сонымен қатар қатысушылар С. Аманжолов атындағы ШҚУ базасында өткен «Алтай - түрік әлемінің алтын бесігі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының «Қазақстан тарихының өзекті мәселелері» атты секциялық отырысына қатысты.
Археологиялық мектеп барысында балаларға Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ «Алтын Алтай» мұражайына және С. Аманжолов атындағы ШҚУ «Алтайдың археологиясы және мәдени мұрасы» мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Сондай-ақ экспонаттарының әртүрлілігімен балалардың есінде қалған-Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы болды. Мұражайда 7 зал бар, олардың әрқайсысы бір-бірінен тақырыптық жағынан ғана емес, экспонаттардың бірегейлігімен де ерекшеленеді.
Мектеп аясында облыстың жетекші жоғары оқу орындары профессорларының ұйымдастыруымен археология және өлкетану пәндері бойынша оқу-тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Балалар тұратын лагерьде әр түрлі демалыс түрлері ұйымдастырылды: психологиялық тренинг, кино кеші, би сайысы, спорттық және логикалық ойындар сияқты т.б. түрлі демалыс шаралары ұйымдастырылды.
Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Оқушылар алған әсерлерімен де бөлісті, мысалы Зайсан ауданы, Х. Мустафин атындағы мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Ғани Мәди «Археологиялық мектепке қатысқаныма өте қуаныштымын. Археологтардың жұмысына қатысу барысында, бұл жауапкершілікті, байсалдылық пен шыдамдылықты қажет ететін өте күрделі жұмыс екенін түсіндім. Мен алғаш рет тас үңгірлерді, көне тас суреттер мен жазуларды көрдім. Археологиялық мектептің ұйымдастырушылары мен ұстаздарына мың алғыс» - деп өз пікірін білдірді.
Археологиялық мектеп балаларға өткен ғасырлардың жұмбақ әлемінің шымылдығын ашып, ұмытылмас әсер алуына бірегей мүмкіндік берді!