«Авторлық бағдарлама мұғалімнің зияткерлік еңбегі мен зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде» онлайн-коучтің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Авторлық бағдарлама  мұғалімнің зияткерлік еңбегі мен зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде» онлайн-коучтің  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих  пәнінің мұғалімдері мен пән қауымдастығы төрағалары үшін ассоциацияның жылдық жоспарына сәйкес «Авторлық бағдарлама  мұғалімнің зияткерлік еңбегі мен зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде» онлайн-коуч өткізеді.

Коучтің мақсаты- тарих пәнінен таңдау курстары, арнайы курстар, элективті курстар бойынша  авторлық бағдарламалар құрастырған үздік мұғалімдердің тәжірибесін тарату, практикада өзінің жеке әзірлемелерін қолдануға мүмкіндік туғызу, қызметтің нәтижелерімен, педагогикалық идеяларымен және жобаларымен бөлісе отырып, пән мұғалімдеріне авторлық бағдарлама жасау жолдары жайлы әдістемелік  көмек көрсету.

Коуч барысында облыстың авторлық бағдарламалар жасаған жоғарғы санатты, педагог-шебер, педагог- зерттеушісанаты бар мұғалімдері авторлық бағдарлама жасау  жолдары туралы теориялық және практикалық түсініктердің қалыптасуына ықпал етуші әдіс-тәсілдермен  бөлісіп, шебер сыныптар  көрсетеді.

Онлайн -семинар 2022 жылдың 14 қыркүйекте өтеді. 

Өткізу уақыты: сағат 14.00-де.

Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері Б.К. Абраимова.