Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының  кеңейтілген алқа отырысының  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2020 жылғы 13 ақпанда сағат 15.00-де Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 5-ші ғимаратында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы (бұдан әрі – Алқа отырысы) өтеді.

Алқа отырысының жұмысына қатысу үшін аудандар мен қалалардың әлеуметтік мәселелер жөніндегі әкім орынбасарлары, аймақтық жоғары оқу орындарының ректорлары, «НЗМ» АҚ, «Өрлеу» БАҰО ШҚО БПҚБАИ, ШҚО БСБД өкілдері, облыстық басқарма басшылары, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, мектепке дейінгі мекемелердің, орта мектептердің, мамандандырылған, арнайы (түзету) ұйымдардың, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері, ата-аналар қауымдастығы, педагогикалық еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақ ұйымдары шақырылады.

«2019 жылдың нәтижелері және 2020 жылға қойылған міндеттер туралы» тақырыбындағы негізгі баяндаманы облыстық білім басқармасының басшысы С.Жумадилова баяндайды.

Алқа отырысы аясында «2019 жылы облыстық білім беру жүйесінің жетістіктері» атты көрме ұйымдастырылады.

Барлық сұрақтар бойынша 702345; 87056651166 телефон номірлеріне хабарласуға болады.

ШҚО ББ баспасөз хабарламасы