
1 қыркүйекте, 2022-2023 оқу жылының басталуына байланысты Өскемен қаласының техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында «Білім күніне» арналған салтанатты жиындар өткізілді. Колледждерде өткізілген салтанатқа облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің, кәсіптік білім беру орталығының мамандары қатысып құттықтады. Салтанатты жиыннан кейін білім алушылар үшін «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді.