
Облыстың 3000 мыңнан астам педагогы бүгін әкімнің орынбасары Ш.С. Буктугутовтың қатысуымен облыс педагогтарының дәстүрлі тамыз кеңесінің жұмысына қатысты, оның негізгі тақырыбы білім берудің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық болды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ольга Александровна Булавкина кеңестің құрметті қонағы болды.
Мұғалімдер форумы барысында өткен оқу жылындағы білім беру жүйесінің жетістіктері талқыланып, алдағы кезеңге нақты міндеттер қойылды.
Кеңес шеңберінде «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурстарының қорытындысы шығарылды, «Шығыс Қазақстан облысының еңбек сіңірген ұстазы» төсбелгісі және «Шығыс Қазақстан облысының білім беру ісіне қосан үлесі үшін» құрметті атағы өңірлік наградалары, Оқу-ағарту министрлігінің атынан «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин», «Еңбек ардагері» және «Мейірім – әлемге махаббатпен» медальдары табысталды. Облыс әкімінің атынан меценаттар мен демеушілер құрмет грамоталарымен марапатталды.