
2022 жылғы 24 тамызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Шығыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының педагогтері, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің (ППТК) педагогтері, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандарына (ПМПК) «Инклюзивті білім беру: тәжірибе, стратегилар мен ресурстар» панельдік сессия отырысын өткізді.
Сессия жұмысы барысында ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының психолог-әдіскері Кубентаева Ардак Курмангазиновна 2022-2023 оқу жылындағы орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне тоқталып өтті.
Сессияда жұмыс тәжірибесін ұсынғандар:
ҚР Оқу ағарту министрлігінің арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері педагог-психолог, әлеуметтік ғылымдар магистрі, мінез-құлықты қолданбалы талдау жөніндегі маманы Егорова Елена Валерьевна «Деятельность педагога-асистента в общеобразовательной школе»;
ШҚО ББ «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ меңгерушісі Арнханова Роза Миятовна «Деятельность психолого-медико-педагогических консультаций в условиях инклюзивного образования»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ педагог-психологі Беккалиева Гаухар Еркінқызы «Жалпы білім беретін мектептерде психолого-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыруда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстары»;
Абай облысы ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№20 жалпы орта білім беру мектебі» КММ директорының ОТ жөніндегі орынбасары Хакимова Альмира Курбангалиевна «Методические рекомендации по организации деятельности учителя в условиях инклюзивного образования. Эффективные приемы»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ педагогі Ахатова Алуа Кайроллина «Инклюзивті оқыту жағдайында биология пәнінен оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері»;
Абай облысы ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№20 жалпы орта білім беру мектебі» КММ директорының ОТ жөніндегі орынбасары Кабаева Жулдыз Рамазановна «Роль ресурсного центра в организации инклюзивной практики в общеобразовательной школе» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Аталған іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының 100 педагогі қатысып, әдістемелік ұсынымдар алды.
Кері байланыс барысында қатысушылар қойылған сұрақтарға толыққанды жауап алды.