«Тірек мектеп – магниттік мектептер» пилоттық жобасы. Әдіскерлер, тірек және магнит мектептерінің директорларына арналған облыстық онлайн - кездесу

«Тірек мектеп – магниттік мектептер» пилоттық  жобасы.   Әдіскерлер, тірек және магнит мектептерінің директорларына арналған облыстық онлайн - кездесу

2022 жылғы 23 тамызда ШҚО ББ  «Шығыс» өңірлік орталығы аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, тірек және магнит мектептері директорларына арналған «Тірек мектеп – магниттік мектептер» пилоттық жобасының қызметі туралы жалпы ережелер мен ережелерді түсіндіру бойынша онлайн – кездесу өткізді.

Кездесуде қатысушылардың жалпы саны 50-ге жуық адамды құрады.

Абетаева Гульнар Зекеновна алғы сөзінде, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары «Тірек мектеп – магниттік мектептер» пилоттық жобасының мақсаттары, міндеттері және өзектілігі туралы таныстырды.

Бошаева Гүлнар Манашқызы пилоттық жобаға енген облыстың тірек және магнит мектептерінің жұмысымен таныстырды. Жобаға 5 тірек мектеп – ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Үлкен-Нарын ауылдық лицей» КММ, ШҚО ББ Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Казнаковка орта мектебі» КММ, ШҚО ББ Күршім ауданы  білім бөлімінің «Қ.Нұрғалиев атындағы гимназия» КММ, ШҚО ББ Ұлан ауданы білім бөлімінің «Таврия орта мектебі» КММ,  ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Чапаев орта мектебі» КММ және 19 магниттік мектеп қатысады.

Жоба ережелерін талқылау барысында «Тірек мектеп – магниттік мектептер» кешені жобасындағы тірек және магниттік мектептердің дайындығын талдау және мониторингілеу үшін қоса берілген кестелердің дұрыс толтырылғаны түсіндірілді.

Сөз соңында ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскерлері қойылған сұрақтарға жауап беріп, жобаны іске асыруда қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.