
2022 жылғы 23 тамызда ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы ШҚО білім беру қызметкерлерінің «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тамыз кеңесі аясында онлайн-режимде «Құндылыққа бағытталған жаратылыстану-математикалық білім беру» пәндік секциясын өткізді.
Секция барысында «2022-2023 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқаулық хаттың ерекшеліктері түсіндірілді.
Пәндік секция барысында:
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жаратылыстану-математика бағыты пәндері мен STEM технологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері Тортаева Балжан Қалданқызы «2022-2023 оқу жылындағы химия, биология, география пәндерін оқытудың ерекшеліктері»;
ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ химия пәні мұғалімі Жақсылықова Мунира Тоқтаровна «Химия пәнін оқытуда пәнаралық байланыс арқылы практикалық тапсырмаларды қолдану»;
ШҚО ББ Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі» КММ биология пәнінің мұғалімі Нұрмағамбетов Ербол Зермұханбетұлы «Биология сабақтарында құндылықтарға негізделген оқу тапсырмаларын енгізу»;
ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша ББ «№1 Марқакөл орта мектебі» КММ география пәнінің мұғалімі «Оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын арттыруда инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың маңыздылығы» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараның қорытындысы бойынша соңында кері байланыста 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хатта баяндалған ерекшеліктер бойынша ұсыныстар, проблемаларды шешу жолдары берілді.
Модератор: Кенжебаева Алма Тлеухановна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту кабинетінің меңгерушісі.