Шығыс Қазақстан облысы білім беру қызметкерлерінің 2022 – 2023 оқу жылының тамыз кеңесі аясындағы оқыту тілі қазақ тілінде жүретін мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндік секциясы

Шығыс Қазақстан облысы  білім беру қызметкерлерінің 2022 – 2023 оқу жылының  тамыз кеңесі аясындағы  оқыту тілі қазақ тілінде жүретін мектептердегі  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті» пәндік секциясы

2022 жылғы 23 тамызда ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы ШҚО білім беру қызметкерлерінің «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тамыз кеңесі аясында онлайн режимде «Қазақ тілі мен әдебиетті оқытуда адами құндылықтарға бағыттау» пәндік секциясын өткізді.

Секция барысында ШҚО ББ «Шығыс» ӨО білім мазмұны және білім сапасы мониторингі кабинетінің меңгерушісі Кантаева Айзада Жумакановна «2022-2023 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хаттың ерекшеліктері жайлы түсіндірді.

Пәндік секцияға облыстың аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, пән ассоциациясы жетекшілері, облыстың жалпы білім беретін мектептерінің қазақ тілі  мен  әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

Іс-шара барысында:

ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сагдолдина Ардак Какимовна «Қазақ тілі мен әдебиетті оқытуда тиімді әдіс-тәсілдер арқылы адами құндылықтарға бағыттау»;

ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 3 Күршім гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нурсейтова Акерке Тулеутаевна «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жазылым әрекетін тиімді ұйымдастыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»;

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№5 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сыдыкова Ляйля Казезовна «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы инновациялық әдістер мен технологиялар» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша кері байланыс барысында 2022-2023 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік хатта баяндалған ерекшеліктер бойынша ұсыныстар айтылып, проблемаларды шешу жолдары берілді.