
2022 жылғы 23 тамызда ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы ШҚО білім беру қызметкерлерінің «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тамыз кеңесі аясында онлайн режимде «Тіл мен әдебиетті оқытудағы құндылыққа бағытталған білім беру» пәндік секциясын өткізді.
Секция барысында ШҚО ББ «Шығыс» ӨО білім мазмұны және білім сапасы мониторингі кабинетінің меңгерушісі Кантаева Айзада Жумакановна «2022-2023 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хаттың ерекшеліктері жайлы түсіндірді.
Пәндік секцияға облыстың аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, пән ассоциациясы жетекшілері, облыстың жалпы білім беретін мектептерінің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Іс-шара барысында:
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№ 10 мектеп-гимназия» КММ директоры, орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Нурканова Сауле Толеухановна «Формирование положительной мотивации к урокам литературы через развитие творческих способностей средствами современных технологий»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№ 10 мектеп-гимназия» КММ орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Вилкова Елена Леонидовна «Проектная деятельность как один из инструментов формирования патриотизма, стремления к знаниям и трудолюбия»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№ 10 мектеп-гимназия» КММ орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Клишевич Татьяна Евгеньевна «Эффективные приемы повторения-путь к успешному обучению учащихся»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№ 10 мектеп-гимназия» КММ орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Пяк Людмила Владимировна «Патриотическое воспитание на уроках русского языка» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№ 10 мектеп-гимназия» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Фоминых Лидия Александровна «Использование рабочих тетрадей на уроках литературы для организации самостоятельной работы: опыт и проблемы» тақырыбында шебер-сынып жүргізді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша кері байланыс барысында 2022-2023 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік хатта баяндалған ерекшеліктер бойынша ұсыныстар айтылып, проблемаларды шешу жолдары берілді.