
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 22 тамызда «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» Шығыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Тарихты оқытуда құндылыққа бағытталған білім беру мен тәрбие әлеуетін арттыру» секциялық отырысы онлайн-режимде өткізілді.
Секциялық отырысқа аудан, қалалық білім бөлімдерінің тарих пәнінің әдіскерлері, пән ассоциациясы жетекшілері, жалпы орта білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері құрамынан барлығы 100 педагог қатысты.
ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәнінің әдіскері Абраимова Бакыт Касеновна Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы 2022-2023 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері және жалпы білім беретін мектептерде тарих пәнін оқытудың жайы және жаңа оқу жылындағы міндеттерімен таныстырды.
Аталған шарада:
ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Сарытерек орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Мейрбаев Мади Канатович «Мнемоника әдісін қолдану арқылы білім беруді нәтижеге бағыттау»;
ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Серебрянск қаласының М.В.Юнишин атындағы №1 орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Бесчалова Ирина Владимировна «Формирование казахстанского патриотизма и развитие исследовательских навыков у учащихся в ходе реализации проекта «Батырлар жолымен»;
ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі» КММ тарих және география пәндері мұғалімі, педагог - зерттеуші Ахметова Нарзангуль Айтбаевна «Тарихтағы құндылықтар - оқушылардың тұлғалық дамуының ресурсы ретінде»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№10 мектеп-гимназия» КММ тарих және қоғамдық пәндер мұғалімі, педагог-зерттеуші Ткачева Ольга Владимировна «Развитие интеллектуальной и творческой одаренности учащихся средствами современных технологий»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 46 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі, педагог - зерттеуші Райымханова Әсем Мұратбекқызы «Жаңа Қазақстан оқушыларын тұлғалық-бағдарлы дамуы үшін «4 К» тәсілін қолдану»;
ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 орта мектеп» КММ тарих және қоғамдық пәндер мұғалімі, педагог-сарапшы Королёва Ольга Вячеславовна «Развитие ценностных ориентиров учащихся через организацию работы по восполнению пробелов в знаниях на уроках истории»;
ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Рыков атындағы орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі, педагог - зерттеуші Нуриева Даметкен Садуокасовна «Мұражай педагогикасы арқылы отаншылдық құндылықты қалыптастыру» тақырыптарында ой бөлісті.
Іс-шараның қорытындысы бойынша кері байланыс барысында 2022-2023 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік хатта баяндалған ерекшеліктер бойынша ұсыныстар, проблемаларды шешу жолдары берілді.
Модератор:Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәндері бойынша әдіскері.