
2022 жылғы 22 тамызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Шығыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектептің педагог-психологтері мен әлеуметтік педагогтеріне «ШҚО мектептеріндегі әлеуметтік-психологиялық қызметтің қазіргі жағдайы мен даму болашағы» панельдік сессия отырысын өткізді.
Сессия жұмысы барысында ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының психолог-әдіскері Кубентаева Ардак Курмангазиновна 2022-2023 оқу жылындағы орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне тоқталып өтті.
Сессияда жұмыс тәжірибесін ұсынғандар:
Васильева Галина Дмитриевна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№34 мектеп-гимназиясы» КММ педагог-психологі «Настольные игры как инструмент развития у школьников soft skills»;
Гаврищук Ирина Александровна, ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№12 орта мектебі» КММ педагог–психологі «Психологические аспекты формирования ценностных ориентаций современных школьников»;
Байжуминова Динара Калимбековна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№36 мектеп-гимназиясы» КММ әлеуметтік педагогі «Буллинг в школе: вопросы противодействия и профилактики»;
Амангелді Көркем Задаханқызы, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ әлеуметтік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары «Әлеуметтік педагогтің жұмысын ұйымдастыру»;
Садвакасова Марал Омурзаковна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің «№34 орта мектебі» КММ «Баланың оқу белсенділігін арттыруға арналған нейропсихологиялық жаттығулардың әсері» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Аталған іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының 100 педагогі қатысып, әдістемелік ұсынымдар алды.
Кері байланыс барысында қатысушылар қойылған сұрақтарға толыққанды жауап алды.