
ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылдың 19 тамызында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың жаңа бағдары» тақырыбында облыстық онлайн секция жұмысын өткізді.
Секция жұмысы бағдарламасына мектепке дейінгі білім берудің маңызды аспектілері бойынша жоғары білікті мамандардың баяндамалары енгізіліп, секция барысында қатысушылар мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту Моделін іске асыру шеңберінде облыстың мектепке дейінгі ұйымдарында атқарылып жатқан жұмыстарын қарастырды: ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ әдіскері Кутовая Ю.В. «Реализация модели дошкольного воспитания и обучения через игру»; ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №106 «Қарлығаш» балабақша-бөбекжайы КМҚК директорының м.а Каримова Ж.К. «Инабаттылық тәрбиесі мектепке дейінгі баланың рухани адамгершілігін қалыптастырудың құралы»; «Murager» балабақша-бөбекжайы ЖШС.тәрбиешісі Айтжанова А.М. «Формирование нравственно-патриотических качеств дошкольников посредством игровых технологий»; ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Алтын дән» балабақшасы КММ мұғалім-логопеді Қыстаубаева Н.Ж. «Тейптеу-ХХІ ғасыр инновациясы»; ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №45 «Болашақ» балабақша-бөбекжайы» КМҚК әдіскері Михеева О.В. «Голос ребенка» в современном в дошкольном образовании, как выражение его достижений в развитии» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті. Мектепке дейінгі білім берудің ағымдағы жағдайы және мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту Моделін іске асыру шеңберінде 2022-2023 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында тәрбиелеу мен білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы ШҚО ББ «Шығыс» ӨО мектепке дейінгі, мектепалды даярлық және бастауыш білім беру кабинетінің әдіскері Қырықбаева А.Қ. тереңірек тоқтап, білім беру процесіне қатысушылар үшін негізгі міндеттерді айқындады. Тыңдаушылардың назары МДТмО МЖМС енгізілген өзгерістерге (03 мамыз 2022 ж. ҚР ОАМ №348 бұйрығы) және тиісінше ілеспе НҚА (мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы) өзгертілетініне аударылды. Балалардың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеу қабілеттерін дамыту, олардың дене бітімін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру ұйымдастырылған іс-әрекеттерді кіріктіру арқылы іске асырылатыны жайлы айтылды.
Сондай-ақ секция жұмысында «Дошкольное, предшкольное образование - фундамент для образования страны» тақырыбында «Shug ylakitap» баспасының бас директоры Кирилинская Л.В. сөз қозғап, баспадан шығатын оқу-әдістемелік кешендер туралы кеңінен тоқтады; ҚР Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің аға офицері Бекбаева Г.А. мектепке дейінгі жастағы балалардың жемқорлыққа қарсы тәрбиесі бойынша дайындалып жатқан «Парасатты балақай» атты жоба және құқықтық сауаттылық туралы айтып өтті.
Секция жұмысы соңында қатысушылар кері байланысқа шығып, пікір алмасты. Қойылған сұрақтарға жауаптар алынып, секция жұмысынан өздеріне қажет ақпаратты алғандарын атап, ризашылықтарын білдірді.
Шараға Шығыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды даярлық топтардың 100 – ден аса педагогтері қатысты.
Секция жұмысының материалдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне және облыстық білім беру ұйымдарына жолданды.
Секция жұмысының модераторы: ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының мектепке дейінгі, мектепалды, бастауыш білім беру кабинетінің әдіскері Қырықбаева А.Қ.