
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылғы 22 тамызда ШҚО білім беру қызметкерлерінің «Білім берудің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» атты облыстық тамыз конференциясы аясында директорлардың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Сапалы білім беру- оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі» онлайн – режимінде секциялық отырыс өткізді.
Секция жұмысына әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, әдіскерлер, облыс мектептерінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директорлардың орынбасарлары қатысты.
Қатысушылардың жалпы саны 200-ден астам адам.
Секция барысында 2022-2023 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері түсіндірілді.
Секция жұмысы барысында презентация ұсынды:
Нұролдинова Перизат Талғатқызы, Изим Мария «BILIM Land» ЖШС ресурстық орталығының менеджерлері «Цифрлық ресурстардың білім сапасын жақсартудағы маңыздылығы»;
Қасым Баглан Нуржанулы жоба жетекшісі Testter.kz. ТехноМедиа ЖШС компаниясы «Методы работы по восполнению пробелов у учащихся».
Секция аясында мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары іс-тәжірибелерімен бөлісті:
Имангалиева Анар Болатханқызы «Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету»;
Чамакаева Асем Хамитовна «Білім беруде сапалы орта жасау арқылы білімге құштар тұлғаны қалыптастыру»;
Муратова Еркежан Кумаркановна «Құндылыққа негізделген білім беру арқылы білім сапасын арттырудың жолдары»;
Аралханова Гаухар Кабдрахмановна «Оқушыларға сапалы білім беруде мектепішілік бақылаудың жаңаша формалары»;
Королева Елена Александровна «Инновационный менеджмент в системе профильного обучения и предпрофильной подготовки в условиях школы – лицея»;
Лопатина Ольга Владимировна «Система мониторинга образовательных достижений обучающихся: подходы, методы, и инструменты»;
Бейсембаева Куралай Тулегенқызы «Инновационные приемы управлеческой деятельности методиста школы».
Қатысушылар спикерлердің сөйлеген сөздерінен қолжетімді және мазмұнды ақпарат алды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша кері байланыс барысында 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктер бойынша проблемаларды шешу жолдары талқыланып ұсыныстар берілді.