
2022 жылғы 19 тамызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы ШҚО білім беру қызметкерлерінің «Білім берудің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тамыз конференциясы аясында «Білім беру менеджменті. Білім беру саласындағы басқару сапасын арттыру жолдары» секциялық отырысын онлайн режимде өткізді.
Секция жұмысына әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, әдіскерлер, облыс мектептерінің директорлары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 200-ден астам адамды құрады.
ШҚО ББ «Шығыс» ӨО менеджмент бөлімінің меңгерушісі Шауменова Эльмира Тоқанқызы жаңа 2022-2023 оқу жылының ерекшеліктерін, атап айтқанда үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларының өзгерістерін айтып өтті.
Секция жұмысы барысында:
«Bilim Land» ЖШС ресурстық орталығының бас әдіскерлері Каримова Гульжан Толеубаевна және Нұролдинова Перизат Талғатқызы «Білім беру сапасын жақсартудағы цифрлық ресурстардың маңыздылығы»,;
«STEM Academia» ЖШС, жобаларды дамыту және іске асыру жөніндегі директор Шунаев Асқар және педагог Жараспай Мәжит Асқарұлы «Сапалы білім беруге арналған пән кабинеттерінің заманауи модификациясы»;
ТехноМедиа ЖШС компаниясының Testter.kz жоба жетекшісі Қасым Бағлан Нұржанұлы «Оқушылардың олқылықтарын толтыру бойынша жұмыс әдістері».
Секция жұмысы барысында:
Саакян Елена Алексеевна «Инновациялық менеджмент Заманауи мектептегі басқару сапасын арттырудың негізі ретінде»;
Манапова Альфия Сайлаубековна «Мектептерді басқаруды жетілдірудегі инновациялық әдістер мен тәсілдер»;
Нагибаева Фатима Гапаровна «Алтай қаласының мектеп тұлғасында 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасау»;
Мажинова Шынар Тилегеновна «Мектеп менеджменті: Тиімді басқару мен сапалы білім – табысты оқыту кепілі»;
Кадирова Айгуль Чуленбаевна «Мектептегі іс-әрекетті және сабақты зерттеуді ұйымдастыру арқылы мектептің зертеушілік мәдениетін қалыптастыру»;
Уркумбаев Жаркын Коныспаевич «Білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы білім сапасын арттыру»;
Багисова Баян Капезовна «Биік жетістік – білім ордасындағы жаңа серпін» жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Баяндау барысында мектептің оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру және заманауи талаптар аясында оқушылардың негізгі құзыреттерін қалыптастыру, бақытты ұрпақты тәрбиелеу бойынша жұмысының негізгі бағыттары, сондай-ақ мектептердің негізгі міндеттері, жетістіктері мен нәтижелерінің тиімді жолдары айтылды. Баяндамашылар Инновациялық менеджмент, педагогикалық жүйелерді басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастырушылық нысандары мен технологиялық тәсілдері, мектепті басқаруды жетілдірудегі инновациялық әдістер мен тәсілдер туралы айтып берді.
Отырыс соңында қатысушылар оқу жылының негізгі ерекшеліктері жайлы кері байланыс беріп өз пікірлерімен бөлісті.
Модератор: Шауменова Эльмира Токановна, ШҚО ББ "Шығыс" ӨО менеджмент кабинетінің меңгерушісі.