070004 Өскемен қаласы, Антон Чехов көшесі, 61 мекенжайы бойынша орналасқан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Аутизмі (аутистік спектрдің бұзылуы) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталығы)" КММ мұғалім-дефектолог 10 штат бірлігіне конкурс жариялайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Еңбек өтіліне талаптар қойылмай, жоғары (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "арнайы білім" бағыты бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін - кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін - кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін – кемінде 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
Психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру бағдарламаларын (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар), түзету-дамыту бағдарламаларын (психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары, аутизм орталықтары және басқа да орталықтар) іске асыратын арнайы білім беру ұйымдарының арнаулы педагогы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді; психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының, аутизм орталықтарының арнайы педагогы білім беру ұйымының жоспары мен кестесі бойынша жеке, кіші топтық және топтық сабақтар өткізеді; жеке оқу, жеке-дамытушы, түзету-дамытушы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар) өткізеді; өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады; білім беру ұйымының жоспары мен кестесі бойынша жұмыс жүргізеді; қоғамның ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарға толерантты көзқарасын қалыптастыру; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін сақтайды; түзету процесі кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Білу керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; дидактика қағидаттарын, педагогика, психология негіздерін, тәрбие мен оқытудың жалпы және жеке әдістемелерін; педагогикалық әдеп нормаларын; еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормаларды; әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін білуі қажет.
Лауазымдық жалақы жұмыс жасаған жылдарына байланысты: 150291 теңгеден 171753 теңгеге дейін.
Конкурстың өтетін орны: Өскемен қаласы, Антон Чехов көшесі, 61.
Конкурс "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы (бұдан әрі-Ережелер) негізінде өткізіледі (ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 "Мемлекеттік ұйымдардың басшыларын конкурстық тағайындау ережелерін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бірлескен бұйрығы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және мектепке дейінгі білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына конкурстық тағайындау, білім беру бағдарламалары және қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары").
Конкурсқа қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
Құжаттар 2022 жылғы 22 тамыз және 31 тамыз аралығында Өскемен қаласы, Антон Чехов көшесі, 61 мекенжайы бойынша жеті жұмыс күні ішінде қабылданады, телефон нөмірлері: +7 (7232) 60 23 73, +7 (7232) 60 23 74, +77712185001, электрондық пошта мекенжайы: dyusembinova@utemuratovfund.org