Шығыс Қазақстан облысы білім беру қызметкерлерінің 2022 – 2023 оқу жылындағы тамыз кеңесі аясындағы «Математика» пәндік секциясы

Шығыс Қазақстан облысы білім беру қызметкерлерінің 2022 – 2023 оқу жылындағы тамыз кеңесі аясындағы  «Математика» пәндік секциясы

2022 жылғы 19 тамызда ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы ШҚО білім беру қызметкерлерінің «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тамыз кеңесі аясында онлайн-режимде «Құндылыққа бағытталған жаратылыстану-математикалық білім беру» пәндік секциясын өткізді.

Секция барысында «2022-2023 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хаттың ерекшеліктері түсіндірілді.

Пәндік секция барысында:

ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша  ББ «Ластаев атындағы орта мектеп» КММ математика пәнінің мұғалімі Жанұзақова Аяулым Жанатқызы «Қолданбалы математика және практикалық бағыттағы есептердегі қойылатын талаптар»;

ШҚО ББ  «Математика, физика, информатика саласында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектебі» КММ математика мұғалімдері-Левыкина Наталия Викторовна, Смагулова Асемгуль Бекмуханбетовна «Интерактивті математика» курсы аясында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту»;

ШҚО ББ Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі» КММ математика пәнінің мұғалімі Ауезов Быржан Бэкович «Математикалық олимпиадаларға дайындау»;

ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша ББ «Октябрь орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Семенюк Лариса Юрьевна «Особенности организации в преподавании математики для учащихся с особыми образовательными потребностями»;

ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша ББ  «Островский атындағы  №4 Күршім орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі. Нурахметова Жанар Казезхановна «Развитие функциональной грамотности учащихся на уроках математики» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша соңында кері байланыста 2022-2023 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік хатта баяндалған ерекшеліктер бойынша ұсыныстар, проблемаларды шешу жолдары берілді.

Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.