
ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Астана-Кітап» баспасымен бірлесе Өскемен қаласының М.Әуезов атындағы №17 орта мектебі базасында 2020 жылдың 7 ақпаны күні әдіскерлер мен пән мұғалімдеріне арналған қос тілді оқулықтарды тиімді пайдалану республикалық семинарын өткізді.
Семинар мақсаты: орта білім беру мекемелеріне сапалы білім мен қазіргі заман талабына сай дағдыларын жетілдіру.
Семинар барысында «Астана-Кітап» баспасының оқулық авторлары Сағынаев Әділет пен Алтынбеков Шыңғыс оқулықтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, пән мұғлалімдерінің сұрақтарына жауап берді.
Семинарға Өскемен қаласының мектептері мен облыстық білім беру мекемелерінен 60-тан аса физика, химия, биология, информатика пәні мұғалімдері мен әдіскерлері қатысты.





