
Өткізілу күні мен уақыты: 9-13 ақпан 2020 ж. сағ. 10.00
Өткізілу орны: Өскемен қ., ШҚМТУ, Серікбаев көш., 19
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылғы 9-13 ақпан аралығында Өскемен қаласында ШҚМТУ-нің спорт залында 9-11 (ұлдар, қыздар) сыныптар арасында волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңіөткізіледі.
Іс-шараның мақсаты:
1) облыстың мектептерінде волейболды насихаттау;
2) республикалық және халықаралық жарыстарға облыстың құрама командасына үміткерлерді іріктеу;
3) волейболға қатысатын арнайы спортшылардың санын көбейту.
Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом мен кубоктар табысталады.
Толығырақ қосымша ақпарат алу үшін 8 (7232) 701516 телефонына хабарласуға болады.