Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерей тойына арналған онлайн сабақ өткізу туралы

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерей тойына арналған онлайн сабақ өткізу туралы

Қазақстан Республикасының Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуге дайындықтың кешенді жоспарына сәйкес, "Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы  2020 жылдың 17 қаңтарында Татарстан Республикасының қатысуымен 10 сынып оқушыларына арналған «Таяу Шығыс және Еуразияның заманауи мәдениетінің мағынасын ұғынуда Әл-Фарабидің рухани мұрасы» атты тақырыбында интерактивті тарих сабағын өткізді.

Сабақ сандық форматта жеке тұлғаға бағытталған ойын технологияларын қолдану арқылы өтті.

Сабақтың теориялық және практикалық бөліктері болды. Теориялық бөлімде аудитория қатысушылары Ұлы ғалым барған қалаларды аралады.

Сабақтың практикалық бөлігі аясында онлайн аудиторияның қатысуымен викторина өткізілді.

Қатысушылар Әл-Фарабидің өмірінен көптеген қызықты фактілерді білді. Сонымен қатар, семинар барысында оқушылар Ұлы ғалымның еңбектерімен танысты.

Татарстаннан келген онлайн сабаққа қатысушылар Шығыс екінші ұстазының идеалды мемлекет және идеалды билеуші туралы көріністерінің үлгілерін ұсынды және оның көзқарастары бүгінгі күннің өзектілігін растады.

Сабақтың соңында барлық қатысушылар тек аймақтық ауқымда ғана емес, сонымен қатар шет елдердің қатысуымен өткізілетін мұндай іс-шаралар студенттердің мәдениаралық құзыреттілігін қалыптастыруға және патриотизм сезімін дамытуға ықпал ететіндігін атап өтті.