
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2020 жылғы 17 қаңтарда Татарстан Республикасының қатысуымен 10-сынып оқушыларына арналған «Еуразия және Таяу Шығыс мәдениеті контексіндегі Әл-Фарабидің рухани мұрасы» тақырыбында тарих пәнінен интерактивті сабақ өткізеді.
Осыған байланысты, 10-сынып оқушыларының интерактивті сабаққа қатысуын қамтамасыз ету қажет. Уақыты: Мемлекеттік тілде оқитын оқушыларға 17 қаңтарда сағат 10.00-де, орыс тілінде оқитын оқушыларға 17 қаңтарда сағат 13.00-де өткізіледі.
Қосылу сілтемесі білім басқармасының сайтында «Онлайн көрсетілім» қосымша парағында орналасқан.