
Маусым айының 12–14 күндері Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп – заман талабы» атты республикалық семинар өтті. Шортанды қаласындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының базасында өткен іс-шараға еліміздің әр аймағынан келген мектеп кітапханашылары, әдіскерлер, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты ұйым және отандық баспа үйлерінің өкілдері қатысты.
Семинарға Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының басшысы Елдос Нұрланов қатысып, жиналған қауыммен «Оқуға құштар мектеп» жобасы жөнінде пікір алмасты.
Пленарлық отырыста ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы директорының м.а. Г.С.Джакупова, «ШҚО бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру жағдайы» тақырыбында облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, жобаны іске асырудағы сауатты, оқуға құштар ұлт тәрбиелеудің маңыздылығына тоқтады.
Республикалық семинар барысында 17 обылыстың үздік кітапханашылары шеберлік сыныптарын көрсетіп, баяндамаларын оқыды. ШҚО ББ. Аягөз аудандық білім бөлімінің «№4 ЖОББМ»КММ- нің кітапхана меңгерушісі Т.Т.Сабырбекова, «Кітап оқуға құштар мектеп» жобасын ұсынып, кітап оқуға құштарлықты арттырудың тиімді әдіс тәсілдерін көрсете отырып, іс-тәжірибесімен бөлісті.
ШҚО ББ Семей қалалық «№19 ЖОББ» КММ-нің кітапханашысы Г.О.Кусайынова «Кітап сырын бірге ашайық» тақырыбында буктрейлер көрсетіп, кітап оқудың маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ, Г.О. Кусайынова «Тұлға боламын» байқауының қорытындысы бойынша 100 000 ақшалай сертификатты иеленді.
Семинар қортындысы бойынша қаулы қабылданып, мектеп кітапханасы жұмыстарын жандандыру, ұлт болашағы жастарды білімді, білікті, сауатты да, салауатты бәсекеге қабілетті кемел ұрпақ тәрбиелеуде кітапханашының маңызды рөл атқаратыны айшықталды.